Ким Чен Ын Ресейдің Украинадағы соғысын "егемендігін қорғау" деп атады

1170
Adyrna.kz Telegram
Фото: KCNA VIA KNS/AFР
Фото: KCNA VIA KNS/AFР

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді. Ол Ресейдің Украинадағы соғысын егемендігін қорғау деп атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ол АҚШ пен Батыс елдерін қақтығысты созып, Ресейді стратегиялық жеңіліске ұшыратуға тырысып жатыр деп айыптады.

Ким Чен Ын Пхеньянның Ресейді тұрақты түрде қолдайтынын мәлімдеп, бұл ұстаным екі ел арасындағы "жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісімге" сәйкес келетінін атап өтті. Солтүстік Корея басшысы  Ресей халқының егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғау ісін әділ күрес деп бағалады.

Сонымен қатар, ол Солтүстік Кореяның барлық тежеу күштерін, соның ішінде ядролық қаруларды күшейту жоспарын жариялады. Ким Чен Ынның айтуынша, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның әскери одағы, сондай-ақ Корей түбегінде орналастырылған АҚШ-тың ядролық стратегиялық күштері аймақтағы тепе-теңдікті бұзады.

Айта кетейік, КХДР мен Ресей 2024 жылдың маусым айында Жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер