"Президентке алғысымды білдіремін". Алматы әуежайында көзге түскен азамат марапатталды

1554
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Әбдірайым Мұса Сайранбайұлын төтенше жағдайда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сондай-ақ, батыр азаматқа ақшалай сыйақы табыс етілді.

52 жастағы Мұса Әбдірайым Алматы халықаралық әуежайында жолаушы ретінде тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышақты тартып алып, әуежай қызметкерінің өмірін құтқарып қалған.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбітшілік, келісім мен өркендеу болсын!» – деді марапат иесі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер