Дрон жауған көктем. Батысқа тағы бір ұшқышсыз ұшақ құлады

1315
Adyrna.kz Telegram
Фото: МОНЦАМЭ
Фото: МОНЦАМЭ

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының аумағына ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектері құлағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 27 наурыз күні кешкі уақытта Көктерек ауылдық округі маңында болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аппараттың бөлшектері Саралжын (Киров) ауылынан шамамен 10 шақырым қашықтықта табылған. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

“Нысан елді мекеннен алыс аумақта табылды. Қазіргі кезде тиісті қызметтермен бірлесіп тексеру іс-шаралары жалғасуда”, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұл Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отырған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін осындай оқиғалар Бөкей ордасы ауданы Ұялы, Тасқала ауданы Атамекен, Жәнібек ауданы Ұзынкөл және Қамысты ауылдары маңында да болған.

Құзырлы органдар оқиғаның себептерін анықтап, қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер