Өзбекстан президенті Ораза айт қарсаңында 500-ге жуық сотталушыны кешірді

1195
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ораза айт қарсаңында 488 сотталушыға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Бұл туралы елдің Конституциясының 109-бабы 23-тармағына сәйкес жарияланды.

Жарлыққа сәйкес, 100 адам жазадан толық босатылса, 268 адам шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 34 сотталушының жазасы жеңіл түріне ауыстырылды. 86 адамның бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды.

Рақымшылыққа іліккендердің отбасыларына оралуы, әлеуметтік бейімделуі және жұмыспен қамтылуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берілді.

Айта кетейік, Өзбекстанда рақымшылық туралы жарлықтар жылына үш рет – ораза айт, 1 қыркүйек – Тәуелсіздік күні және 8 желтоқсан – Конституция күні қарсаңында қабылданады. Былтыр бұл шара аясында 1431 адамға кешірім жасалған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер