“Атамұра” корпорациясы жылдың үздігі атанды

944
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 23 сәуір — елімізде алғаш рет Ұлттық кітап күні тойланды.

Бұл мереке 2024 жылғы 29 маусымда Үкіметтің қаулысымен ресми түрде бекітіліп, биыл алғаш рет кең ауқымда аталып өтті. Мерекенің мақсаты — кітап оқуға қызығушылықты арттырып, әсіресе жастар арасында оқу мәдениетін насихаттау.

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев былтыр өткен үшінші Ұлттық құрылтайда ерекше ұсынысын мәлімдеген еді.

“Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда, жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз,” — деп атап өткен.

Сол игі бастаманың нәтижесі ретінде елордада өткен салтанатты жиында жылдың үздік кітап жобалары мен баспалары марапатталды. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, сонымен қатар баспагерлер, мәжіліс депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

33 жылдық тарихы бар «Атамұра» баспасы бұл жолы да биіктен көрінді. Көп жылғы еңбектің, үздіксіз ізденістің нәтижесінде «Атамұра» «Жылдың үздік баспасы» аталымын жеңіп алып, 2 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Марапатты ҚР Кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы Қойтанов табыс етті.

Айта кетейік, бұл жетістік — «Атамұра» корпорациясының сапалы әдебиеттер мен оқулықтарды ұсынудағы ұзақ жылғы кәсіби еңбегінің жемісі. Тек биылдың өзінде баспа бірнеше жаңа кітап шығарып, авторларды қолдауға үлкен үлес қосты.

«Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед Ұлттық кітап күні аясында тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті. Ол “Атамұра” баспасының атынан еліміздің барлық кітапханаларына қазақ классиктерінің үздік 1000 туындысын тегін сыйға тартатынын хабарлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер