АЛТАЙ АЙНАБЕК: Оңтүстікте қуаңшылық болатыны әзірден-ақ байқалуда

2247
Adyrna.kz Telegram

«Шайқастан кейін қылышыңды боққа шап», болмасын деп, қазір айтайын. Биылғы жыл Қазақстанның оңтүстік облыстарында қуаңшылық болатыны әзірден-ақ байқалуда. Ол дегенің - ел экономикасына триллиондаған теңге шығын. Осы орайда биыл Түркістан облысы шаруалары қуаңшылықты алдын алу мақсатында үкіметтен біздің “жасанды жауын” жобамызға қаржылық көмек беруді сұранып отыр.

Қолдау болса барлық тараптар ұтыста болатын 5 wins инновациялық жобамызды жасауға білегімізді сыбанып дайынбыз.

"Жаңбырмен - жер, батамен ер көгереді".

Түркістан облысы дихандары, “Алтай, биыл жағдай өте қиын. Қуаңшылық. Триллион теңгеге жуық өнім беретін диханшылар биыл банкроттың алдында. Көмек бер, жауын керек. Кредитке диханшылық бастағандар өте көп. Даладағы шөптер де сарғайып бастады” дегелі қашан.

Осы орайда Қазақстандық ведомствалық министрліктер мен өңірлердегі жергілікті атқарушы билік өкілдеріне ресми біздің жұмыстарға қаржылық көмек керек екендігі туралы хаттар жолданды.

Біразынан «ақша жоқ, ия халықаралық форум жаса» деген жауап келді, қалғандарынан жауап күтудеміз.

Өңір шаруалары қатты уайымда. Көмек сұрауда. Бұйырса ел болып еліміздің шаруаларын құтқарармыз.

 

Altay Ainabek

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер