Бұрын сотты болған Сәкен Мұсайбеков ҰОК вице-президенті болып тағайындалды

924
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

2021 жылы істі болған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп

«ҰОК Бас ассамблеясының қорытындысы бойынша жаңартылған атқарушы комитет бекітілді. Вице-президенттер ретінде тағайындалғандар:

- Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;

- Шахмұрат Мүтәліп –  халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;

- Данияр Әбілғазин – жазғы Олимпиада спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;

- Сәкен Мұсайбеков – қысқы Олимпиада спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;

- Ғажи Ғажиев – жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті», – делінген ҰОК хабарламасында.

Еске салсақ, 2021 жылы Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сол уақытта ол Алматыда тергеу шараларына қатысып жатқаны белгілі болды.

26 ақпанда Мұсайбековтің ұсталғаны ресми түрде расталды. Ол 15 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Пара мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Бәс тігу орталығы» жобасы бойынша келісімшартқа қол қою мәселесін шешу үшін берілген.

2021 жылғы тамызда сот Мұсайбековтің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтыққа барғанын анықтап, 62 миллион теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.

Мұсайбеков 2020 жылдың мамыр айында мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған. Оған дейін, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы, ал 2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың қаңтарына дейін де мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер