Бас прокуратура Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау туралы іс бойынша тергеу барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, істі Шымкент қаласының полиция департаменті қарап жатыр.
«Тергеу Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысты істеуге оқталу) және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы (Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша жүргізілуде»,—делінген хабарламада.
Прокуратура қазір тергеу жүріп жатқанын, бірақ егжей-тегжейі айтылмайтын жеткізді, бұған заңмен тыйым салынған.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалғанын жазған едік.