Қостанай станциясында апат болды

1162
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

10 мамырда Қостанай станциясында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына жеңіл көлік жүргізушісінің темір жолдан өту ережелерін бұзуы себеп болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жол өткелдерінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер