“Мені қорқытты”. Соққыға жығылған депутат оқиға жайлы айтты

1007
Adyrna.kz Telegram

Таразда шабуылға ұшыраған мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті мәлімдеді.

Байғазиевтің айтуынша, белгісіз ер адам оны бірнеше рет ұрып, басынан және денесінен тепкілеген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, барлық тараптарды бөлімшеге жеткізді. Сол жерде депутат өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізіледі. Алайда, осы сәтте күдікті ер адам босатылған.

Кейін депутат Жамбыл облысындағы ауруханаға жатудан бас тартып, жарақатын Алматыда емдетуге шешім қабылдаған.
Депутаттың сөзінше, күдікті ауруханаға достарымен келіп, қорқытқан.

Полиция мәліметінше, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарағанын айтып, шабуыл себебі даулы сөзге байланысты болғанын жазды.

«Таразда таяқ жеген депутаттың видеосы шықты. Кінә екі жақтан да бар. Сөз сүйектен өтеді дейді. Агрессордың әйеліне “Ей, аузыңды жапшы а!” дегені үшін депутаттың аузын аңқайтып жіберіпті. Жағы сынған дейді», – деп жазды журналист.

Айта кетейік, 14 мамыр күні Таразда мәслихат депутатына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тараған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер