«Талибан» Ауғанстандағы жалғыз мемлекеттік киностудияны да жапты

947
Adyrna.kz Telegram
Фото: amu.tv
Фото: amu.tv

Кабул билігіндегі «Талибан» қозғалысы елдегі жалғыз мемлекеттік кино мекемесі – Afghan Film киностудиясының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Amu.tv-ға сілтеп.

Ресми мәлімдеме жасалмағанымен, студия қызметкерлеріне мекеменің құрылымы таратылғаны және қызметі тоқтатылғаны ескертілген.

Afghan Film киностудиясы 1968 жылы Ауғанстан королі Мұхаммед Захир шахтың тұсында құрылған болатын. Ол елдегі кинематография мен деректі фильмдер өндірісінің негізі саналып келді. 2021 жылы «Талибан» Кабулды басып алғаннан кейін, студия қысқартылған режимде жұмыс істеп, жаңа жобалар қолға алынбады.

Киностудияда 1990-жылдардағы алғашқы «Талибан» билігі кезінде аман сақталып қалған құнды киноархив бар. Алайда қазіргі уақытта оның тағдыры белгісіз. Мәдени мұраларды сақтау мамандары архивтің қараусыз қалуынан, цензураға ұшырауынан немесе мүлде жойылып кетуінен қауіптенуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер