17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Алайда Мемлекет басшысы биыл да туған күнін атап өтпейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді», – деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Биыл ол 72 жасқа толып отыр. Бұған дейін де Президенттің туған күнін жеке немесе ресми түрде атап өтпейтіні бірнеше рет айтылған.
Өткен жылы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли 17 мамыр Тоқаев үшін қарапайым жұмыс күні екенін атап өткен. Сондай-ақ Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та Мемлекет басшысының туған күнді мерекелеуді әдетке айналдырмағанын растаған еді.