Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Кремльдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ресей басшысы Путин Президент Тоқаевтың Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, бұл бағыттағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Біз Сіздің мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынастар бауырлас Ресей мен Қазақстан халықтарының игілігі, еуразиялық кеңестікте қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында алдағы уақытта да жемісті жалғасын табатынына сенімдімін.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен денсаулық, игілік пен мемлекет болашағы жолындағы қызметіңізге сәттілік тілеймін.
Құрметпен, Владимир Путин», – делінген құттықтау хатында.