2 апта сайын Ақордаға есеп береді деген. Даулы Досаев қызметінен босатылды

1639
Adyrna.kz Telegram
Фото informburo.kz
Фото informburo.kz

24 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Досаев Ерболат Асқарбекұлы Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми хабарламада.

Ерболат Досаев бұл лауазымды 2022 жылғы 31 қаңтардан бері атқарып келген болатын.

Ол 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы қызметін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі болды.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, екі жылдан соң Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі, 2001 жылы Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметін атқарған.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы, 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі болды.

Ал 2004-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі қызметінде болды.

2004 жылы ҚР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған тұста Шымкент қаласында 150 бала АИТВ (ВИЧ)  жұқтырған оқиға орын алған. Осы қайғылы жағдайдың салдарынан ол отставкаға кеткен болатын.

2006-2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, 2012 жылғы 25 қыркүйектен  бастап Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалған.

2013 жылғы 16 қаңтардан  бастап Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болса, 2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Ұлттық экономика министрі лауазымында жүрген кезінде Қазақстандағы 1,7 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін аукцион арқылы сатуға мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынған. Бұл бастама ел ішінде үлкен наразылық туғызып, халықтың “Жер сатуға қарсы” шерулерімен аяқталды. Нәтижесінде Ерболат Досаев бұл қызметінен де өз еркімен кетті.

Бұдан бөлек, Досаев қаржы саласындағы ықпалды тұлғалардың бірі ретінде белгілі. Forbes Kazakhstan журналының деректеріне сүйенсек, ол 2013 және 2014 жылдары Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарына енген. 2014 жылы оның байлығы 110 миллион АҚШ долларына бағаланған. Негізгі табыс көздері ретінде мұнай, мұнай сервистік қызметтері, қаржы және байланыс салалары аталды.

2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болды.

Сондай-ақ, экс-әкім Ерболат Досаев Алматыдағы мәселелер бойынша екі апта сайын Президентке есеп беретіні де айтылған. Осы жылдың 29 наурызында Алматыға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзёёв сапарлап, Қазақстан президенті оған қаланың көрікті орындарын көрсеткен. Соның салдарынан Алматыда көшелер жабылып, көпшілік әдеттен тыс көбірек көлік кептелісінде тұрып, әлеуметтік желіде шағынған жазбалар жариялады. Қала тұрғындары бірнеше рет жол жөндеу жұмыстары мен кептеліске, қала көшелерінің тазалығы мен жарықтандыруға жиі шағымданып, Досаевтың отставкасын талап еткен.

Айта кетейік, осыған дейін, 23 мамыр күні Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының жиналысы өтетіні хабарланған еді. Күн тәртібінде – қала әкімі лауазымына келісім беру мәселесі тұрған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер