Қытайдың «Шэньчжоу-20» миссиясы аясында астронавтар Чэнь Дун мен Чэнь Чжунжуй ашық ғарышқа рекордтық ұзақ – 8 сағатқа созылған сапар жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Олар «Тяньгун» ғарыш стансасына қорғаныс панельдерін орнатты.
Бұл жұмыстар стансасының сыртқы бетінде жүргізіліп, оны ғарыштық қоқыстардан қорғау және жоспарлы техникалық қызмет көрсету мақсатында жүзеге асырылды. Ғарышкерлерге станса ішінде қалған үшінші экипаж мүшесі Ван Цзе қолдау көрсетті.
Бұған дейін қолданылмаған «Тяньхэ» модулінің түйісу бөлігінен алғаш рет ашық ғарышқа шығу орын алды. Қорғаныс панелін орнату ғарыш станциясын 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын қоқыстардан қорғауға бағытталған. «Тяньгун» кем дегенде 2035 жылға дейін қызмет етеді деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, «Шэньчжоу-20» экипажы орбитаға 24 сәуірде жеткен болатын.