Дженнифер Лопестің концерті. Алматыдағы билет бағасы жарияланды

923
Adyrna.kz Telegram
Фото: yahoo.com
Фото: yahoo.com

Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттердің бағасы жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

Концерт 10 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

"Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер ертең сатылымға шығады. Сатылымның басталуы — сағат 10:00", — делінген Ticketon.kz Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Билеттердің бағасы 40 мың теңгеден басталады. Dance Floor аймағындағы билеттер — 90 мың теңге, фан-зонада — 120 мың теңге, ал VIP-аймақта — 180 мың теңге тұрады.

Бағалардың толық тізімі осында көрсетілген.

Сәуір айында Дженнифер Лопестің "Up All Night" дүниежүзілік туры аясында 1 тамыз күні Астанада концерт өткізетіні туралы ақпарат шыққан болатын.

Әншінің келуі туралы жаңалық қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық туғызды. Билеттерді сататын сайтқа көп адам кіргендіктен, жүйе уақытша істен шықты.

21 мамырда шоу ұйымдастырушылары Дженнифер Лопестің Қазақстанда екінші концерт өткізетінін хабарлады — ол 10 тамыз күні Алматыда өтеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер