Демалыс күндері Алматы облысында ұлттық ат спорты түрі – аударыспақ бойынша XIX Республикалық чемпионат өтті. Республика чемпионатында Ақтөбе командасы жеңіске жетті.
Жарыс 23-25 мамыр аралығында Талғар қаласының маңында, «Ақбұлақ» ипподромы, «Almaty Horse and Polo Club» ат клубында өткізілді. Бұл жолы жарыс 18-20 жас аралығындағы жастар арасында, 52 кг-95 кг+ тоғыз салмақтық дәрежеде өтті. Чемпионатқа елдің 18 аймағынан облысынан 19 республикалық команда, барлығы 195 спортшы қатысты.
Республикалық чемпионат жеңімпаздары:
52 кг салмақта:
1 орын — Қадірбек Уланбек (Түркістан)
2 орын — Бақдаулет Ахметов (Атырау)
3 орын — Асылхан Айасқанулы (Ақтөбе облысы) және Дамир Тайбекұлы (Атырау)
57 кг салмақта:
1 орын — Карим Нұрталап (Атырау)
2 орын — Бөлтек Бақбер (Маңғыстау)
3 орын — Қабылқайыр Азат (ФҚО) және Аюп Али (Атырау)
62 кг салмақта:
1 орын — Жантай Ердоc (Шымкент)
2 орын — Алпысбай Ғибрат (Ақтөбе облысы)
3 орын — Есмахан Дінасыл (Шымкент) және Абден Диас (Қызылорда)
68 кг салмақта:
1 орын — Нұрдаулет Мейрамбекұлы (Атырау)
2 орын — Сүлеймен Тұрдықұлов (Түркістан)
3 орын — Абибулла Ернұр (Қызылорда) және Айбол Аманжолұлы (Атырау)
74 кг салмақта:
1 орын — Сайлау Мұхамеджан (Түркістан)
2 орын — Қазым Берік (Ақтөбе)
3 орын — Нұрадил Сейткерімов (Түркістан) және Мұхтархан Бекарыс (Жамбыл)
82 кг салмақта:
1 орын — Амантай Сүндетәлі (Жамбыл)
2 орын — Мақсат Мадияр (Ақтөбе)
3 орын — Қонай Жармұхамед (Түркістан) және Қобей Құдірет (Түркістан)
87 кг салмақта:
1 орын — Қосыбай Ерасыл (Атырау)
2 орын — Қонай Бимұхамед (Түркістан)
3 орын — Сүйенбек Ынтықбай (Шымкент) және Жантөре Алмас (Алматы)
95 кг салмақта:
1 орын — Орындас Ерхасен (Алматы)
2 орын — Батұ Бөкенбай (Атырау)
3 орын — Аманбай Бексат (Түркістан) және Исламбек Нұрболат (Шымкент)
95+ кг салмақта:
1 орын — Нұржан Еркінұлы (Атырау)
2 орын — Спандияр Әділхан (Түркістан)
3 орын — Ануарбек Нұрмұхамед (Түркістан) және Арыпхан Мұхамедхан (Қостанай)
Жалпы командалық есепте Ақтөбе облысының командасы жеңіске жетті, екінші орында – Түркістан облыс командасы, үшінші орын – Шымкент қаласының командасы.
Барлық жеңімпаздар ҚР спорт шебері атағын алды, жүлдегерлер – ҚР спорт шеберінің үміткері атағына иеленді, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 300 000 теңге болды, ал демеушісі Халықаралық білім корпорациясының президенті Айгазы Қусайнов.
Республикалық чемпионатты ұйымдастырушылар: ҚР туризм және спорт министрлігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт дамыту орталығы, «Қазақстан Республикасының ұлттық спорттар қауымдастығы», және Аударыспақ Федерациясы.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, аударыспақ жарыстарының мақсаты – ұлттық ат спортын насихаттау, республикалық жастар құрамасына іріктеу жүргізу және спортшылар шеберлігі мен біліктілігін арттыру.
Аударыспақ бойынша спортшыларды даярлау негізгі орталықтары Атырау және Түркістан облыстарында орналасқан.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері — Жанбатыр Бекмұсаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы.
Марат Жұман, республикалық Аударыспақ Федерация президенті және Atasu Group компаниясының негізін қалаушысы жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша спортшылар деңгейі артып келеді дейді.
«Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде, біз жыл сайын спортшылар кәсіби деңгейінің өсіп жатқанын байқаймыз, аударыспақ ойынына еліміздегі қызығушылық та артып келеді. Жастардың дайындығы өте жоғары деңгейде деп ойлаймын, соның нәтижесінде осындай жетістіктерге жетіп отыр.
Республикалық чемпионат шамамен 20 жылдан бері өткізіліп келеді, бірақ қазақстандықтар бұл спорт түрін соңғы жылдары ғана танып-біле бастады. Біз аударыспақты ел ішінде және халықаралық деңгейде насихаттау үшін үлкен күш салудамыз. Біздің спортшыларымыздың кәсіби деңгейі өсіп, халықаралық деңгейде айтарлықтай жетістіктерге жетеді деп сенемін», – дейді Марат Жұман.
Аударыспақ Федерациясы 2023 жылы құрылды, осы қысқа уақыт ішінде ұйым бұл спорт түрін ілгерілету және насихаттау саласында маңызды жетістіктерге жетті.
Аударыспақ бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасы әлемдік аренада көшбасшылардың бірі болып табылады.
Биылғы жылдың 21-22 сәуірінде өткен Азия чемпионатында Қазақстан командасы жеті ел арасында бірінші орынды иеленді.
2024 жылы қыркүйекте Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан командасы бірінші орынға жетті. Ал 2024 жылы маусымда Татарстан астанасы Қазан қаласында өткен Екінші әлем чемпионатында Қазақстан командасы төрт алтын, бір күміс медаль алып, командалық жарыста бірінші орын алды.