Атақты «Нұрикамал» әнінің авторы қайтыс болды

25882
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақ өнері тағы бір саңлағынан айырылды. Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында бақиға аттанды. Бұл туралы Түркістан облыстық мәдениет басқармасы facebook парақшасында хабарлады.

«Осыған орай марқұмның туған-туыстары мен ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!» делінген.
Тұрдықылыш Ізтаев 1949 жылы 30 маусым күні Түркіменстан Республикасының Тахтабазар ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Шымкент музыка училищесін, 1973 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, 1993 жылы Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын бітірген.
Еңбек жолын 1973 Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтында бастап, осы ұжымда 1994 жылға дейін табанды қызмет етті. Халық аспаптар кафедрасының доценті. Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері. Ол 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Қазақ еліне етене танымал «Нұрикамал» әнінің авторы. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған.

Пікірлер