Қазақстанда коронавирус таратқандар жауапқа тартылады

4196
Adyrna.kz Telegram

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге коронавируспен оралып, карантиннен жасырынатын адамдарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, кейбір жағдайда азаматтар тығылып, қайдан келгендерін жасырады. Өкінішке қарай, біздің жауапсыз азаматтарымыз бар. Біз бұл проблеманы шешу үшін техникалық мәселелерін қарастырып жатырмыз", - деді Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің арнайы жарлығы туралы айтты.

"Карантиннен бас тартқан немесе қашып жүрген азаматтарға айтқым келеді: бұл жерде әкімшілік жауапкершілік бар. Егер ол ауырып, басқа азаматтарға жұқтырса, заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп ескертті министр.

Еске салайық, 1А санатындағы елдер - Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италиядан келген азаматтар 14 күн бойы міндетті карантинге жатады. 1В санатындағы елдер - Франция, Германия және Испаниядан келгендер үйінде 14 күнге оқшаулануы керек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер