Коронавирус: Қытайда ауырғандардың 90 пайызы жазылған

3176
Adyrna.kz Telegram

Қытайда коронавирус жұқтырған науқастардың 90%-ы ауруынан айықты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қазір Қытайда 5120 адам науқастанып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайда жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 81 мың адамға жетті. Оның 72,7 мыңы ауруханадан жазылып шыққан.

Эпидемия басталғалы Хубэй провинциясын қоспағанда Қытайда 13 293 адамның ауруға шалдыққаны, 117 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Өлім-жітім деңгейі 0,88 пайызды құрады.

Ауру ошағына алған Хубэйде 67800 адам вирус жұқтырды, оның 3153-і қайтыс болды. Өлім-жітім деңгейі 4,65 пайызды құрады.

Бұдан бөлек, Шанхай билігі COVID-19 вирусына байланысты жарияланған Төтенше жағдайдың ең жоғарғы деңгейін төмендетті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60 адамға жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер