Коронавирустан жазылған екі адам Алматы тұрғыны

2642
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам Алматының тұрғындары. Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруханадан ертең, 27 наурызда шығарылады.

Кеше елімізде коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын. "Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады", - деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. "Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер