Шымкент көшесінде адамдарды бұқа сүзді

7287
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында жол бойында жүріп, жүргізушіні сүзген бұқаның иесі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Эльбурс Нишанбаев 2020 жылдың 15 наурызында Жиделібайсын көшесінің бойында автокөлігін жөндеп жатқан жүргізушіні сүзіп, соғып кеткен бұқаның иесін анықтап, полицияға жеткізді.

Бұқаны сол көшенің 42 жастағы тұрғыны мал базарынан сатып алып келе жатқан кезде бауынан босап кеткені анықталды. Осындай жағдайларға жол бермеу бойынша бұқаның иесімен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 2-бөлігі (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Пікірлер