Ұлт болашағы – "Рухани жаңғыру"

918

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайын халыққа жолдаған жолдауы бізге ерекше сенім беріп отырады. Себебі, әрбір жолдауында Елбасымыз үш тілділік мәселесіне арнайы тоқталады. Елбасының жариялаған«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сонау "Құтты білік" тағылымдарында, Дулат шығармаларында, одан бері Әл-Фараби, Абай, Мұхтар, Шәкәрім тағылымдарында рухани құндылыққа үлкен мән берді.

Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделері туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда тұңғыш Президент Қазақстан үшін  қайта  түлеудің  айрықша маңызды екі  үдерісі саяси  реформа мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала отырып, Біртұтас  Ұлт болу  үшін  болашаққа қалай қадам басатынын және  бұқаралық сананы  қалай  өзгертетіні жөнінде  алыста болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Сонымен қатар, бұл мақала негізінде тарихи ескерткіштер де жатады. Мәселен, казіргі уақытты көптеген тарихи ошақтар жөндеуден өтуде. Менің туған жерім Жуалы өңірінде де көптеген тарихи жерлер қайта өңделуге. Мұның бәрі нәтиже деп білемін. Және де  ҚазҰУ-да тарих пәнінен конференция да болып өткен болатын. Конференцияда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы басшылыққа алынды. Әр студент өз пікірлерімен, дәлелдерімен бөлісті.  Біз бұдан мақаланың нәтижеге апарар жол екенін  аңғарудамыз.

Білімді, көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

 

  Дильнура Мейірхан,

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті

Ф. Қозыбақова,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ғылыми жоба жетекшісі.

Пікірлер
Редакция таңдауы