Ғалым: Коронавирус қолдан жасалған

3213
Adyrna.kz Telegram

2008 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, француз вирусологы Люк Монтаньер коронавирус лабороторияда жасалып шыққан дейді. Француздық Pourquoi Docteur порталына берген сұхбатында ол COVID-19 құрамында АИВ бөлшектері бар екенін атап өтті, - деп хабарлайды «Известия» .

Монтанье коронавирустың жабайы жануарлардан  адамға жұққаны туралы ақпаратты әдемі аңыз деп атады. Оның айтуынша, вирус Ухань лабораториясында жасалған.

Вирус 2000-шы жылдардың басынан бастап дамыды, - деген Монтаньердің сөзін CNews жариялаған болатын. Монтаньер вирустың геномын зерттеп, оның адамның иммун тапшылығы вирусымен байланысын анықтаған алғашқы адам емес. Бұрын осыған ұқсас зерттеуді үнді ғалымдарыны бір тобы жариялаған болатын. Мүмкін бұл СПИД-тен қорғайтын вакцина жасау кезінде пайда болған вирус шығар, дейді ғалым.

COVID-19 алғашқы пациенті Уханьдағы зертханада жұмыс істеген

Euronews-тің хабарлауынша, АҚШ барлау агенттіктері жаңа коронавирустың Ухандағы қытайлық зертханадан бүкіл әлемге таралуы мүмкін деген нұсқасын тексеріп жатыр. Президент Трамп Қытайдың инфекция туралы барлық ақпаратты ашпағанын айтты.

16 сәуірде СІМ-нің ресми өкілі Чжао Лицзян, вирустың жасанды шығу мүмкіндігі туралы жарияланымдарға түсініктеме беріп, бұл теорияның дәлелдері жоқ екенін айтты. Сонымен қатар, көптеген беделді дәрігерлер бұл пікірмен келіспейді, деп атап өтті дипломат.

«Жаңа коронавирустың пайда болуы мен таралу жолдарына қатысты Қытайдың ұстанымы айқын: біз бұл ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлердің кәсіби көзқарасын талап ететін таза ғылыми мәселе екендігіне сенімдіміз. ДДҰ басшысы вирустың зертханалық шығу тегі туралы дәлелдердің жоқтығын бірнеше рет атап өтті», - деді СІМ өкілі.

Монтанье 2008 жылы ,  қазір ВИЧ деп аталатын LAV (лимфаденопатиямен байланысты вирус) деп аталатын вирусқа қатысты жасаған зерттеулері үшін Нобель сыйлығына ие болды. Сыйлық ғылыми қауымдастықта екі жақты бағаланды, өйткені шамамен сол уақытта американдық Роберт Галло сол вирусты тапты. Сонымен қатар, 2017 жылы Франция ғылым академиясының 100 мүшесі Монтаньенің вакцинацияға қарсы мәлімдемесін сынға алып, медициналық кеңестің оған санкциялар қолдануын талап етті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер