Биыл Шымкентте 7,6 млрд. теңгелік 17 инвестициялық жоба іске асады

2187
Adyrna.kz Telegram

Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар дизельге тапшылық жоқ екенін айтты. 

Шымкентте ауылшаруашлығы өндіріспен қатар дамып келеді. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бер. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Агросервис «БМБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаладағы ең ірі қожалықтың бірі. 3 мың гектардан астам ауылшаруашылық жері бар. Оның 2400 гектарына бидай, арпа, мақсары, жоңышқа сынды түрлі өнімдер егілген. Биылға қажетті 200 тонна тыңайтқыш пен 40 тонна жанар-жағармай алған.


«Әрдайым аусыпалы егін түрін қолданамыз. Бұл жердің тыңайып, күш жинауына мүмкіндік береді», дейді шаруашылық басшысы Манасбай Бекбауов. Қожалық иелігіндегі жер бұған дейін Төлеби ауданына қараған. Қазір Шымкенттің аумағына өтіпті. Мемлкеттен уақтылы жанармай мен тыңайтқыш алып, дәнді дақылдарды сеуіп үлгердік. Енді бидайды дәрілеп жатырмыз. Бұйыртса биыл да мол өнім аламыз деп отырмыз, дейді шаруа. Оған қоса солтүстіктен де біздің бидайға деген сұраныс артқан. Өйткені соңғы жылдары жергілікті дәндә дақылдың кликавинасы жоғары болған.
Қожалық егіншілікпен қатар мал шаруашлығымен де айналысады. Қажетті жем-шөбін өзі дайындап алады.10 гектар жерге алма бауы мен жүзім және жаңғақ бауын егіпті. Биыл таңқурай егуді қолға алмақ.
Қала әкімі қожалық басшысына болашақта егістік алқаптарға заманауи суару қондырғыларын пайдалану керектігін жеткізді.
Шаруашылық жетекшісі қаржылай қолдау болса жаңбырлатып суару әдісімен аз жерден мол өнім алуға болатынын жеткізді.
Мұрат Дүйсенбекұлы шаруаларға агроқұрылымда мейлінше заманауи қондырғыларды қолданып, тиімді жұмыс істеуге шақырды.
Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтың айтуынша, биыл инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Атап айтқанда, 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндіру ісі қолға алынады.

Шымкент

Пікірлер