Әнші Ернар Айдар неге ұсталды?

3410
Adyrna.kz Telegram

Лотерея қызығына кірген Ернар Айдарды сақшылар жерге жатқызды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Әнші Ернар Айдардың инстаграмдағы тікелей эфирінде бұл жолы әншінің өзі емес, полицейлер жұлдыз болды. Аяқ астынан сау ете қалған сақшылар лотереяның қызығына кірген әнші мен оның қасындағы бірнеше адамды құдды кинодағыдай жерге жатқызды.

Полиция департаменті ұсталғандарды карантин режимін бұзды деп қана айыптаған. Бір бөлмеде болған 12 адамды ұстау операциясын экономикалық тергеу қызметкерлері жүргізген. Экономикалық тергеу қызметі алдағы уақытта істің мән-жайын анықтайтын болады.
Толығырақ мына сілтемеде көрсетілшен.  https://www.ktk.kz/kz/news/video/2020/04/24/146325/   

Естеріңізге сала кетейік, эстрада әншілері бұған дейін  де бірнеше рет лоторея ойындарын өткізудің қызығына түскен еді. Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай ұтыс ойындарының заңға қайшы екенін айтқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер