Қазақстанда 1,6 млн адамның несиесі кейінге шегерілді

3572
Adyrna.kz Telegram

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, еліміздегі 1,6 миллионнан астам қарыз алушылардың қарыз мерзімі кейінге шегерілген. 246 кәсіпкер жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит алуға мақұлдаудан өтіп, 1,7 млн адам әлеуметтік жәрдемақы алу үшін төлемкарталарын және карточкалық шоттар ашқан.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалу мониторингін жалғастыруда.
2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге де кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 844 599 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 831 489 жеке тұлға банктік қарыз төлемдері бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді, 13 110 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімді кейінге шегеруге өтінім беру үшін кредиттік ұйымдарға жүгінді.

1 661 232 жеке тұлға 237,4 млрд теңге сомаға немесе барлық қарыз алушының 31,3%-ы төлемдерді тоқтата тұруға мақұлдау алды. Оның ішінде 299 363 – халықтың әлеуметтік  жағынан  осал топтарының өкілдері.
Сонымен бірге 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 138,8 млрд теңге сомаға немесе кәсіпкерлердің жалпы санынан 44,1%-ы мерзімін кейінге шегерді.
Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Бүгінгі күні шамамен 5,3 млн азаматтың 4,4 трлн теңге сомаға және 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге сомаға банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша берешегі бар.

Кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде қаражаттың игерілуін  мониторингтеу

Екінші деңгейдегі банкрге сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлер кредит алу үшін 274,8 млрд теңге сомаға 1 313 өтінім
берді. Оның ішінде 62,5 млрд теңге сомаға 246 қарыз мақұлданған.

Екінші деңгейдегі банктерде және «Қазпочта» АҚ-та төлем карточкаларын алу

Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін 1,7 млн адам төлем карточкасын және карточкалық шот ашқан. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында берген тапсырмасы шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен  төлем карточкаларын банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ қашықтан алу алгоритмін дайындады.
Бүгінгі күні 1 013 558 азамат қашықтан карточкалық шот және төлем карточкасынашқан және олар шамамен 700 мыңдай клиенттің үйіне  жеткізіліп берілген. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қашықтан 564 615,  Kaspi Bank – 358 884, Forte Bank АҚ – 26 745, «Банк Це нтр кредит» АҚ - 25 258 төлем
карточкасын ашқан. «Қазпочта» АҚ 88 397 төлем карточкасүйге жеткізіп берген.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер