Цой жерлеу тәртібі мен қатаң карантиндік шетеу туралы айтты

2621
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеудің қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық, эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, марқұмдарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат етіледі", - деді А.Цой онлайн брифингте.

Денсаулық сақтау министрі бұған дейін  Ақордада өткен жиында  коронавирус індеті бойынша үш түрлі эпидемиологялық  болжам жасаған.

    1. Карантин қойылмаған жағдайда тамыз соңында елде күніне 29 мың адам COVID-19 індетіне шалдығып, ауруханаға жатқызуға мұқтаж болады. Яғни, 300 мың инфекциялық, провизорлық төсекорын керек болады.
    2. Республика аумағында көктемдегі секілді екі аптаға қатаң карантин жариялау. Ондай жағдайда ауруханаға тәулігіне 7 000 пациент түседі. Мұндай жағдайда тамыздың соңында 80 мың төсек-орын керек  болады.
    3. Елде төрт аптаға созылатын қатаң карантин енгізу. Тамыз айының соңында тәулігіне 2 500 адамды ауруханаға жатқызылады. Ол кезде 30 мың төсек-орын  керек болады.

 

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, біз карантин немесе қатаң шектеу шараларын енгізудің бірнеше нұсқасын ұсындық. Жақын арада мемлекеттік комиссия түпкілікті шешім қабылдайды", - деді Цой онлайн брифингте.

Қатаң карантин режимін сақтау әлі түпкілікті шешілген жоқ.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер