"Баспасөз хатшысы қызметтен кетсін!". "Ақжүніс" аналары Әбдіхалықоваға хат жазды

6301
Adyrna.kz Telegram

Республикалық "Ақжүніс" Ерікті Аналар қозғалысының жетекшілері Қызылорда облысының әкімінен Жаңақорған ауданы баспасөз хатшысы Нұрбол Бакировты қызметінен алуын талап етті. Айтуларынша,  жолды жабуды учаскелік полиция қызметкеріне  Нұрбол Бакиров өтініш жасаған.

"Қызылорда облысының әкімі Әбдіхалықова Г. Н.

Жаңақорған аудандық әкімшілігінде баспасөз хатшысы болып қызмет атқаратын Нұрбол Бакировтың қызметінен кетуін талап етеміз. Сіздің Жаңақорған ауданына барған іс-сапарыңызда, жолдың жабылуын Нұрбол Бакиров өз мойнына алып, Жаңақорған ішкі істер органдарының учаскелік полиция қызметкері Шыңғысқа (тегін анықтай алмадық) жол жабу туралы өтініш айтқаны белгілі болған. Жаңақорған кентінің тұрғыны, Ақжүніс белсендісі - Сандуғаш Тұрлыбекованың тікелей эфирінен кейін әртүрлі фэйк аккаунттардан Сандугаш Тұрлыбекованың жеке бас мүддесін қорлайтын видео, публикациялар жарияланды.

Нұрбол Бакировтың өз қызметін асыра пайдаланғаны, оның ережеге сай емес іс-әрекеттері Қызылорда облысының әкімі - сіздің және Жаңақорған ауданы әкімдігінің мемлекеттік мүдделеріне кір келтірді деп есептейміз.
Бұл мәселеде обл.әкімінің "қауіпсіздігін қамтамасыз ету" мақсатында жолды жапқандарын аудан әкімінің сұхбаты да БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланды. Осы орайда аудан әкімі де жауапқа тартылуы тиіс деп есептейміз.

Жоғарғы жазылғандарды ескере отырып, Жаңақорған ауданының әкімшілік баспасөз хатшысы Нурбол Бакировты қызметінен босатуды талап етеміз.

Құрметпен, Республикалық "Ақжүніс" Ерікті Аналар қозғалысының жетекшілері:

Сәуле Әбілдаханқызы
Жанат Естаева
Жұлдыз Ақтанжанова
Айман Батырбекова
Мақпал Әбішева
Ләззат Кожахмет
Несібелі Хайруллаева
Гулзира Манабаеба
Галия Жусупова
Гүлшат Расул
Гульжамал Бершимбекова
Саламат Жуманалиева
Анар Сатай
Сандуғаш Тұрлыбекова", - делінеді фейсбук жазбасында.

Еске сала кетейік, Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш  Тұрлыбекова Қызылорда облысының әкімі келеді деп жолды жауып тастағанын айтып, видео жариялап,  әкімнің өзіне де датын айтқан еді.

Ал Гүлшара Әбдіхалықова оған жолды жаптырмағанын айтты. Баспасөзге ресми сұхбат берді.

"Мен жолды жабу туралы тапсырма берген жоқпын, аудан әкімі де ешқандай тапсырма бермеді. Сол жердегі ішкі істер бөлімінің басшысы да ондай тапсырма берілмегенін айтып отыр. Бұл учаскелік полицияның шешімі болса, оның іс-әрекетіне қатысты облыстық департамент басшысы Сұлтан Бектөреге тапсырма бердім," - деді.

 

 

 

 

Пікірлер