Бүгін қос ғарышкердің туған күні!

2875
Adyrna.kz Telegram

Жер бетіндегі батырлық деңгейінің жөні бір бөлек. Ал аспанда, тартылыс күші жоқ ашық ғарышта жұмыс жасау – нағыз ерлік екенін біле бермейміз-ау..

Бүгін қазақтан шыққан қос ғарышкердің туған күні. Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 74 жасты еңсерсе,  Қазақстан ӘӘК генерал-майоры Айымбетов Айдын Ақанұлы 48 жасқа толып отыр.

Қазақ «Тәуекел ет те, тас жұт» дейді. Дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшағына тәуекел етіп, қадам басқан Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңыр ғарыш айлағынан  космосқа ұшты. Бұл Қазақстанның ғарышқа тұңғыш сапары.

⠀Ал Айдын Ақанұлы  ұшақтың 4 түрін (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27) игерген азамат. Аспан әлемінде 470 сағаттан астам болған. Қос батырды туған күнімен құттықтай келе, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейміз.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер