Үздік поэзия: Татьянаның әні

2408
Adyrna.kz Telegram

Татьянаның әні

Абайды оқимын да

Қайран қалам,

“Бар ма, - деп,

тумысында асқан дарын одан.

Алысқан мыңмен жалғыз”

ойшыл адам,

жырына желі тартты

Россиядан.

Үйреніп Лермонтовтың лирикасын,

өр мінез, өршіл ойға иді басын.

Пушкиннің ардақ тұтып

зор тұлғасын

сөйлетті дәл Тоғжанша

Татьянасын.

Ақыры, есімі оның

жырда шалқып,

әнімен Әйгерімнің ұшты қалқып.

“Осы,- деп,

махаббаттың бесік жыры”,

Тыңдады үлкен - кіші

еріп балқып.

Өмірде естімеген әнді мұндай

Әр қазақ қабылдады  еш жатсынбай.

Құрметтеп орыс қызын өз қызындай,

Бір кіндіктес туысындай.

Рас тамыры бұл сырдың терең жатыр.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер