Жүйедегі жүгенсіздік

2684
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік шекара күзетінің ережелерін бұзғаны үшін сотты болған ҰҚК Шекара қызметінің офицерін  Жоғарғы сот ақтап шығарды. Ал ақталған офицерге  жала жапқан мойор Медет Қожахметов тәртіптік жазаға да тартылмады.

Қылмыстық іс материалында былай деп айтылған: 2017 жылдың 27 желтоқсанында капитан Жібек ТҰРЫСБЕКОВА Алматы халықаралық әужайында «елден шығуға жолы жабылған Людмила ОСИПОВАҒА шекарадан кедергісіз әрі заңсыз өтуіне рұқсат берген, соның салдарынан мемлекеттің қауіпсіздік мүддесіне елеулі зиян келтірілуіне себеп болды...».

ҚР ҰҚК әскери  полициясының аға анықтаушысы майор Медет ҚОЖАХМЕТОВ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге кіріскенде, Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫ  Людмила ОСИПОВАҒА кедергісіз заңсыз шекарадан өтуіне рұқсат берген деп күдіктенген, бірақ Людмила ОСИПОВА заңсыз шекарадан өтті деген айып кесімі әскери прокурормен бекітілген.

Капитан Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫҢ қорғаушысы Айтмұханбет КЕМЕЛЬХАНОВ бұл жерде  түрлі  қылмыстық құқықбұзушылықтың белгісі барын айтып, өз ренішін білдірді.

– Бұл шатасу сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде жасалған, бірақ анықтаудың барысын қадағалайтын әскери прокурор мен соттың екі сатысы дөрекі құқық бұзушылықтарға ешқандай да назарларын аудармаған. Сотта  Жібек ТҰРЫСБЕКОВА кінәсін мойындады деп көрсеткен, бірақ бұл олай емес әрине: ол, яғни Жібек ТҰРЫСБЕКОВА, бірнеше рет ешқандай қылмыс жасамағандығын арызданып айтқан. Сот сонда да капитан Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫ кінәлі деп тауып, оның тарапынан жәбірленушілер өтемақысы қорына 24 050 теңге төлетіп,  соттап жіберген.

Анықтау мәліметі бойынша, капитан Жібек ТҰРЫСБЕКОВА, азаматтық сот шеңберінде  шетелге шығуға тыйым салынғанына қарамастан, Людмила ОСИПОВАҒА Индияға ұшуға рұқсат берген. Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫҢ қорғаушысы Айтмұханбет КЕМЕЛЬХАНОВ Осипованың ісі бойынша  ешқандай сот шешімі жоқ екенін сотта дәлелдеп шықты. Тек қана көлік салығы бойынша 562 716 тенге сомадағы берешекті өндіріп алу жайлы салық бұйрығы (бұл бұйрық сот шешімінің күшін иеленбейді  - авт.) болған екен.

Бірақ, қос сот сатысы аталған анық жайды есепке алмаған. Сонымен қатар, шекарадан Людмила ОССИПОВА өткеніне де назар аудармаған, өйткені – «Регула 7024» техникалық құралы  Осипованың паспортындағы ататегін екі «С» әріпімен ағылшын және орыс тілдерінде оқыған, ал ондай ататегі бар кісіге «Бүркіт» базасы ешқандай да құқықтық шектеу қоймаған.

– «Бүркіт» базасы жайлы  болған деректі бірнеше куәгерлер растаған, ал тергеу мен сот  Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫ «мемлекеттің қауіпсіздік мүддесіне» елеулі зиян келтірді деп санаған. Бұл – жеңілірек айтсақ, сандырақ немесе мағынасыздық! –  дейді қорғаушы А.Ж.КЕМЕЛЬХАНОВ.

Әрі қарайғы қызыққа тоқталсақ. Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫ айыптаған  анықтаушы М.ҚОЖАХМЕТОВ қызметінің парызы бойынша, Людмила ОСИПОВАНЫҢ мемлекеттік шекараны заңсыз өтуі дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғауға міндетті етін. Бірақ, ол Л.ОСИПОВАҒА қатысты қылмыстық іс қозғамады. Онда не үшін капитан Ж.ТҰРЫСБЕКОВА сотталды деген сұрақ туындайды?

Қорғаушы А.Ж.КЕМЕЛЬХАНОВ Жоғарғы сотқа сот кесімдерінен бас тарту және қылмыстық істі тоқтату жайлы өтініш білдірді. Бас прокуратура тарапынан да Ж.ТҰРЫСБЕКОВАНЫҢ іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқтығына баса назар аударылып,  кассациялық шағымдану түсірілді. Сөйтіп, бұл қылмыстық істі Жоғарғы соттың қылмыстық іс бойынша сот алқасының төрағасы Абдрашит Жукенов бастаған үш төреші деп аталатын ұжым қарап шығып, сот үкімінің күшін жойды.

"...Жоғарғы сот алқасы мына қорытындығы  келді, Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫҢ іс-әрекеттерінде  қылмыс құрамы жоқтығына байланысты, оған қатысты сот үкімінің күшін жояды", - делінеді Жоғары соттың шешімінде.

Демек, Жібек ТҰРЫСБЕКОВА тергеу мен соттың заңсыз іс-әрекеттері мен келтірілген зияндардан оңалтылуға және зиянды өтеп алуға құқығы бар деген сөз. Өз құқықтарын пайдаланды да. Жібек ТҰРЫСБЕКОВА арнайы қызмет майоры Медет ҚОЖАХМЕТОВТЫ қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін, ІІМ Оңтүстік аймақтық әскери тергеу басқармасы бастығының атына арыз түсірді.

– Анықтаушы М.ҚОЖАХМЕТОВ, менің кінәлі еместігімді алдын-ала біле тұра, сонда да қылмыстық іс қозғады, – дейді Жібек ТҰРЫСБЕКОВА. – Менің пікірім: анықтаушы, Алматы гарнизонының әскери прокурорын алдап соғып, маған қатысты жалған қылмыстық істі сотқа жібергізді, соның салдарынан мені соттың қос сатысы да заңсыз соттап жіберді. Моральдық және адамгершілік тұрғыда азап шегуімді айтпағанда, менің Конституциялық құқығым, бостандығым, ар-ожданым тапталды, – М.ҚОЖАХМЕТОВ, оның үстіне маған сотталған деген атты да ілді. Сонымен қатар, қызметтен де ісіне жауапсыз деген жаман атпен қуылдым, отбасым өмір сүру қаражатынан да айырылды. Жоғары соттың, бас прокуратураның әділетті шешімінің, қорғаушы А.КЕМЕЛЬХАНОВ ағамыздың өте жоғары біліктілігінің, кәсібилігінің және адамгершілігінің арқасында ақталып шықтым. Ал мен енді болашақта осындай заңсыз жағдайларды болдырмау үшін,  аға анықтаушы М.ҚОЖАХМЕТОВ өзінің істеген заңсыз әрекетіне байланысты заң алдында қатаң жауап беруі тиіс деп санаймын.

 

Қаржы министрлігі бюджеттік бағдарлама әкімшілігі ретінде және бюджеттің иесі бола тұра, заң күшіне еңген соттың заңды шешімі бар болғанына қарамастан, осы іс бойынша, бүгінгі күнге дейін қылмыстық қудалау органдарымен келтірілген  моральдық және материалдық зиянның қаржылай түрдегі  өтемақысын, әр түрлі себептермен бүркемелеп  төлемей отыр. Сонымен қатар, жасаған заңсыз әрекеттеріне сай аға анықтаушы М.ҚОЖАХМЕТОВҚА да, бірінші саты сотының төрешісі Д.АЛИАСҚАРОВҚА да ешқандай шара да, жаза да қолданған туралы ақпарат жоқ.

Әзірге Жібек ТҰРЫСБЕКОВАНЫҢ бұрынғы қызметіне оралғаны ғана көңіліне медеу болып тұр.

Жасұлан Наурызәлі,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер