Қанатшаны таңдап, қорғаушыңызды анықтаңыз (Психологиялық тест)

9249
Adyrna.kz Telegram

Өзіңізге ұнаған қанатшаны таңдап, қорғаушыңыздың кім екенін біліңіз. Бірер минут ойланып, жүрек қалауына құлақ салыңыз.

Бірінші қанатшаны таңдасаңыз, сіздің қорғаушыңыз әкеңіз. Әкеңіз көзі тірі кезінде де, өмірден өткеннен кейін де сізді пәле-жаладан, жамандықтан сақтап жүреді. Сіздің адал әрі бақытты өмір сүруіңіз үшін үлкен ерліктерге баруға даяр. Сондықтан әкеңізге құрметпен қарап жүргеніңіз абзал.

Екінші нөмірлі қанатшаны таңдасаңыз, сіздің қорғаушыңыз анаңыз. Суреттегідей барлық қиындықтан қанатымен қорғап, қиындықтан суырып алуға даяр. Сіздің анаңыз сіз үшін сырттай жақсы жағдайлар туғызып, жолыңыздың ашық болуына ықпал етіп жүреді. Оны әрине сіз білмеуіңіз мүмкін. Дегенмен анаңыздың сөзі, ісі, дұғасы сіздің өміріңізді гүлдендіруге себепкер болмақ.

Үшінші қанатша таңдасаңыз, сіздің қорғаушыңыз дүниеден өткен жақындарыңыз. Ол сіздің ата-әжеңіз, бауырыңыз, тіптен ата-анаңыз болуы мүмкін. Сондықтан аруақ разы болуы үшін жеті шелпек пісіріп қоюды ұмытпаңыз. Дүниеден өткен жақындарыңыз сізді қорғау үшін, жақсылық өміріңізге орнау үшін қолайлы жағдайлар туғызып отырады.

Төртінші суреттегі қанатты таңдағандардың қорғаушысы сүйіктісі. Сүйген адамыңыз өз махаббатымен басыңыздағы мәселелерді шешуге келгенде жанын салады. Сіздің жай ғана жымиуыңыз үшін тау қопаруға дайын. Сүйіктіңіз барда сіз барсыз! Сондықтан жаныңызға жақын жанды бағалай біліңіз, оқырман!

 

Сурет массагеттен алынды,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер