Апатты мектептердің басым бөлігі қай аймақта?

2888
Adyrna.kz Telegram

Елімізде жаңа бағдарлама аясында 800 мектеп салу жоспарда болғанымен, апатты мектептер мен үш ауысымды оқу мәселесі шешілмей отыр деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы BAQ.KZ.-ке сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің онлайн пленарлық отырысына қатысқан Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Премьер-министрдің айтуынша, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі осыдан үш жыл бұрын шешілу тиіс еді. Әкімдіктер алдында осындай міндет қойылып, тиісті тапсырмалар берілген. Алайда, бүгінгі күні елдегі 273 мектеп проблемалық деп танылған.

Білім беру ісінің сапасы оқушылардың қандай жағдайда білім алып жатқанына байланысты. Жаңа мектептер салынғанымен, апатты жағдайдағы білім ордалары деген мәселе күн тәртібінен түспей отыр. Қазіргі күні осындай мектептің 12-сі Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Түркістан облысында жеті, Атырау және Жамбыл облыстарында бес мектептен бар, - деген дерек келтірді Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары жергілікті әкімдіктерге аталған мәселені шешудің нақты шараларына кірісу міндетін жүктеді. Сондай-ақ, апатты мектептер проблемасы оның тікелей назарында болатынын айтты.

фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер