Электрондық сауда – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші

2648
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі – электрондық сауда. Тіпті, ел экономикасының негізігі қозғаушы күшіне айналуда десек те қателеспейміз. Елде электрондық сауда қалай дамуда? Болашағы қандай? Саралап көрейік.

    Сауда және интеграция министрлігінің ақпан айындағы ақпараты бойынша ел ішінде ғаламтор арқылы тапсырыс берушілердің саны  65 пайызға дейін артқан. Алайда, елде наурыз айында төтенше жағдай жарияланып, халықтың карантинде жатқанын ескерсек, көрсетілген пайыздың тағы да арта түскені белгілі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарарыш өнеркәсібі бойынша бірінші вице-министрі Бағдат Мусиннің айтуынша пандемия кезінде электрондық қызмет түрі алдыңғы қатарға шыққан. Жартыжылдық бойынша елде ғаламтор арқылы сатылған тауарлар саны 19,5 млнға жетіп, ғаламтор дүкендердегі сауда көлемі екі есеге ұлғайған. Бұл дегеніміз 435,5 млрд теңгені құрайды.  

  Электрондық сауда негізінен 4 бағыт бойынша жүргізіледі: электроника, тағамдар мен азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек. Барлығы да отандық платформаларда жүзеге асады. Бағдат Мусиннің сөзінше, электрондық нарық бойынша сараптама жүргізілген. Сараптама нәтежиесі бойынша елдегі тұрғындар киім-кешек,  түрлі косметикалық өнімдерді сатып алу барысында арнайы жеңілдіктерді жіті бақылауда ұстайды. Яғни,аталған тауарлар белгілі бір күндері жиі өтеді. Алайда, тағамдарға, дәрілік препараттар мен балаларға арналған өнімдер бойынша онлайн сауда жасау әдеттегідей жоғары көрсеткішке ие.

  Қазақстандық саудагерлер үшін күн тәртібіндегі негізгі мәселе – халықаралық стартаперлермен бәсекеге түсе алу, халықаралық нарыққа шығу. Ол үшін отандық нарықтағы еншілес капиталды дамыту қажет. Аталған бағыт бойынша, еншілес капиталды реттейтін жаңа заң жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, «НҰХ-Бәйтерек» АҚ және QazTech Ventures қаржысын қазақстандық стартаптарға тарту бойынша арнайы келісімдер бар.

 Сондай-ақ, электрондық саудадағы жетекші рөлді «соңғы миль» атқарады. Кез келген тұтынушы өз тауарының жылдам әрі ыңғайлы жолмен жеткізілгенін қалайды. Бұл мәселені оңтайлы шешуде «Қазпошта» АҚ нәтежиелі жұмыс істеуде. «Қазпошта» АҚ Еуропа елдері, Ресей және орталық Азия елдерімен арадағы тауарлар транзитін қамтамасыз етеді.

Электрондық саудадағы негізі құрал – логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады. Бұл мәселе бойынша да «Қазпошта» АҚ жұмыстар атқарып жатыр. Нақтырақ айтқанда, кәсіпке арнаған 3 фулфилмент-орталығын ашуда. Сонымен қатар, нарық қажеттілігін өтеу мақсатында 2025 жылға дейін елімізде 20 фулфилмент-орталығын ашу жоспарлануда. Фулфилмент-орталықтар ашу – нарық өз инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін қажет.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер