Арманыңыз орындала ма? (Психологиялық тест)

5114
Adyrna.kz Telegram

Елестетіңіз, күн шайдай ашық, сіз көгалда серуендеп келе жатырсыз. Ауа райы керемет, самал жел бетіңізден өбіп келеді. Бір кезде алдыңыздан бірнеше жеміс бір өзінде өсетін ағаш шықты. Бұл – арман ағашы. Арман ағашы-сіздің арманыңызды мүлтіксіз орындайды. Көзіңізді жұмып, ішіңізден ең аяулы арманыңызды ойлаңыз. Енді қай жемісті аласыз?!  Сіздің таңдауыңыз арманыңыздың қалай орындалатынынан хабар береді. 

Қараөрік

Армандаған ойыңызға қол жетуге сәл-ақ қалды. Енді сізге әрекет ете түсу керек. Осы жерден тоқтап қалсаңыз, арманым өзі орындала қалады деп ойламаңыз. Сіз бәріне еңбек арқылы ғана жетіп жүрген жансыз. Бұл жолы да солай. Енді сізге азғантай ғана еңбек ету қалды.

Апельсин

Егер таңдауыңыз апельсинге түссе, арманыңыз толыққанды орындалмайтынын білдіреді. Неге? Себебі бәріне өзіңіз кінәлісіз. Есепсіз әрекет етесіз. Алдағы 10 жылыңызды ойламайсыз. Бірақ бұл үмітсіздіктің белгісі емес. Тағдырдың сізге дайындап қойған одан да ауқымды сыйы бар шығар мүмкін.

Банан

Банан – жағымды жаңалықтың белгісі. Өміріңіздегі қиын кезеңдер өтіп, ерен еңбегіңіз жемісін беріп, бейнеттің зейнетін көресіз. Бір сәуле жылт еткелі тұр. Қорықпаңыз. Бәрі жақсы болады.

Алма

Алма - сізге бүкіл әлемнің мейірбандылығын уәде етеді. Мықты сеніміңіздің арқасында арманыңыз міндетті түрде орындалады. Тек сеніміңізді жоғалтып алмаңыз. Байқасаңыз, өмірде өзіне сенімді адамдар ғана жетістікке жетеді. Сізде де солай. Сеніңіз. Әрекет етіңіз. Және сабырмен күте біліңіз.

Ананас

Ананасты таңдасаңыз, сіз өз өміріңіздің шебері болғаныңыз. Талабыңыздың шыңына шығып, арманыңызды жүзеге асыру тек өзіңіздің қолыңыздан келеді. Сіз бақытты жандардың санатынансыз. Себебі көп әрекетті қажет етпей-ақ, Тәңір сізді тәтті сыйлармен сүйіншілейді.

Шие

Сіздің арманыңыз өз сүйіктіңіз арқылы орындалмақ. Сүйіктініңізге және өзіңізге сеніңіз.

Қандай арман ойласаңыз да, қай жемісті таңдасаңыз да, мынаны ұмытпаңыз: жақсылық та, жамандық та қайтарымымен болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер