Назарбаев: партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс

2566
Adyrna.kz Telegram

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізді. Бұл туралы "Адырна" тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеем жасап хабарлайды.

Қатысушылар партияның "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - Nur Otan партиясының 7 серпіні" бағдарламасы мен партия ішіндегі сайлау өткізу мәселесін талқылады.

Назарбаев қоғам партияның праймеризіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

"Адамдар елдің қоғамдық және саяси өміріне белсендірек араласқысы келеді. Біз партияны жандандырудың дұрыс бағытын таңдадық. Елдегі мәселелерді бірлесе шешу үшін ашық диалог қамтамасыз ету керек. Жағдайды жақсы білетін, қоғам қолдауына ие беделді, белсенді лидерлерді таңдау керек", - Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол праймеризге қатысушылар маңызды мәселелерді қозғап, олқылықтарды анықтап, оларды шешу жолын ұсынуы тиіс екенін айтты.

Қыркүйек айында 216 жергілікті бағдарлама жарияланып, талқыланатын болады.

"Бес жылға арналған бағдарлама азаматтардың пікірі, әр аудан, қала мен облыстың бюджетін ескере отыра толықтырылады", - деді Елбасы.

Ол келесі кезеңдерді жүзеге асыруда партияға іріктеуді ұйымдастыру жұмысының сапалы болуы маңызды екенін жеткізді.

"Праймеризді ашық, әділ ұйымдастырып, барша қатысушылар үшін бірдей жағдай жасау керек. Партиядағы үгіт жұмысы қыркүйекте басталады. Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары қатаң сақталуы тиіс. Біз үшін бастысы - адамдардың денсаулығы", - деді Елбасы.

Партия төрағасы Nur Otan-ның қоғамды біріктіру және елдің алдағы дамуын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

"Партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс. Бірлік болса ғана, қиындықтарды еңсере аламыз. Әсіресе, елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін бірлесе жұмыс істеу маңызды",- деді Назарбаев.

Ол партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек пен премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер