Кибершабуылдың алдын алу – айтулы міндет

2996
Adyrna.kz Telegram

   Киберқылмыс – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Түрлі ақпараттар ағыны мемлекет пен адамдар мүддесіне тікелей немесе жанама түрде зиян келтіруі мүмкін. Осындай құбылыстардың алдын алу мақсатында 2017 жылы ҚР үкіметі киберқылмыспен күрес жөніндегі бағдарламаның  тұжырымдамасын жасаған болатын.

   Киберқалқан бұл – ақпараттық қауіпсіздік. Яғни, электрондық ақпараттық ресурстардың, түрлі ақпараттық жүйелердің және ақпарттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерінен сақтану болып табылады. Бір сөзбен айтқанда киберқалқан біздің виртуалды әлемдегі қалқанымыз десек те қателеспейміз. Нақтырақ айтқанда, ғаламтордағы кибершабуылдардан, сонымен қатар базада сақтаулы жеке деректерімізді алаяқтық әрекеттерден қорғайды.

Кибершабуылдың айқын мысалы ретінде 2016 жылы тараған «Көк кит» ойынын ала аламыз. Оның мақсаты – ойыншы ең соңында өз-өзін өлтіруі тиіс. Өкінішке орай, әлеумметік желі иелері аталған жағдайды бақылауда ұстай алмады. Нәтежиесінде бірнеше адам кибершабуылдың құрбаны болды. Қиберқалқанның басты мақсаты – мұндай олқылықтарды болдырмау.

Киберқылмыстың алдын-алу мақсатында,  биылғы жылы отандық T&T Security компаниясы жапондық Trend Micro Incorporated компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. T&T Security – киберқауіпсіздік жөніндегі қазақ компаниясы. Оны құрудың мақсаты – күрделі кибершабуылдарға қарсы күресу. Ол үшін T&T Security tLab-зиянды бағдарламалық жасақтаманың жаңа түрінен, яғни бұрын-соңды белгісіз шабуылдардан,  мақсатты және APT шабуылдарынан қорғайтын озық өнімді жасап шығарды.

⠀ Серіктестік арқылы компаниялар ресурстарды саладағы бірлескен жобалар мен бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға бағыттауда.

"Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік саласында қарқынды дамып келеді. Біз үшін бұл елдің нарығы басымдықтардың бірі болып табылады және біз T&T Security сияқты озық компаниямен ынтымақтастықтың басталуына қуаныштымыз. Біздің шешімдеріміздің интеграциясы қазақстандық кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдарды күрделі кибершабуылдардан қорғауға мүмкіндік береді", – дейді ТМД, Грузия және Моңғолиядағы Trend Micro өңірлік директоры Герман ПОЗАНКОВ.

Join Japan командасы қазіргі таңда әлемдегі киберқауіпсіздік қаншалықты маңызды екенін біледі. Ал мұндай ынтымақтастық Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға қызмет етеді.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер