Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшқанына 5 жыл толды

9099
Adyrna.kz Telegram

Айдын Айымбетов осыдан 5 жыл бұрын, яғни 2015 жылы екінші қыркүйекте ғарышқа ұшып, Тоқтар Әубәкірів пен Талғат Мұсабаевтан кейінгі үшінші қазақ ғарышкері атанды. 

2015 жылы дәл осы күні «Союз ТМА-18М» басқарылатын ғарыштық кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан Нұр-Сұлтан уақытымен 22 сағат 37 минут өткенде харышқа аттанды. Халықаралық экипаж құрамында №2 бортинженері Айдын Айымбетовпен бірге ресейлік ғарышкер, №1 бортинженері Сергей Волков, Дания Корольдігінің астронавты Андреас Могенсен болды. Сапар 10 күнге созылды.

Жалпы ғарыштық зерттеу бағдарламасы 10 ғылыми тапсырмадан тұрды. Оның ішінде Арал және Каспий теңіздерінің экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу және «Дастархан-6» деп аталған ұлттық тағам өнімдерінің ғарыштағы пайдалы қасиеттерін зерттеуді мақсат етті. Кейбір деректерде Айдын Айымбетовтің сапарының шығыны 20 миллион АҚШ доллар болғандығы айтылады.

Айдын Айымбетов - тәуелсіз Қазақстанның өз азаматтығы атынан ғарышқа ұшқан тұңғыш ғарышкер. Ал Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев Ресей азаматтары ретінде  ұшқан (Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ұшты - авт.).

Қазіргі уақытта ҚР ұшқыш-ғарышкері, ҚР Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер