Қазақстанның 9 өңірінде ескерту жарияланды

2305
Adyrna.kz Telegram

24 қыркүйекте Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды,-деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

24, 26 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Cолтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 24 қыркүйекте түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Шығыста таулы аймақтарында жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі басым.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында ертең жауын-шашын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер