Түркияда қауіпті маса пайда болды

2765
Adyrna.kz Telegram
Түркияда бұрын ел территориясында болмаған азиялық жолбарыс масасы пайда болды, - деп хабарлайды НТВ арнасы HabberTurk газетіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, азиялық жолбарыс масасы жаңа мекенге оңай бейімделеді. Қазірдің өзінде Ыстамбұлдың бірнеше ауданында қауіпті жәндіктің ірі ошақтары пайда болды.

"Масаның бұл түрі күні бойы, әсіресе адам далада жүргенде шабуылдайды. Ол басқа масаларға қарағанда қатты агрессия көрсетеді", - деп түсіндірді Ыстамбұл университетінің доценті Керем Этера.

Ғалымның айтуынша, бұл маса түрлі ауруды, оның ішінде Зика вирусы мен сары безгекті тасымалдайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер