23 жасар Сарыағаштық келіншек 6 баланың анасы атанды

3375
Adyrna.kz Telegram

23 жастағы Еркінай Есенбаева алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғышын 18 жасында басанған Сарыағаштық келіншек №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - сегіз айда босанған. Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің қазіргі жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде.  Ата-ана отбасы мүшелерімен ақылдаса келе нәрестелерге Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер