Ұстаздарға жалған диплом берушілер көбейген

3964
Adyrna.kz Telegram

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әртүрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің дипломдарын өзге тұлғалар қолдан жасай бастаған жағдайлар жиілеп кеткенін хабарлайды деп жазады «Адырна» ұлттық порталы орталықтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, бүгін бір адамның осы орталықтан 2020 жылғы «Педстарт» олимпиадасы бойынша диплом алғаны туралы ақпарат түскен. Алайда, ондай олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында  әлі өткізілмеген.  Әрине, мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, Орталық жасанды марапат дипломдарын жасағандар туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілетінін мәлімдеді.

Әрбір оқиғаға «Дарын»  РҒПО дипломдары бірегей дизайн бойынша құрылады, өзінің сериялық нөмірі болады және берілетін құжаттар тізіліміне енгізіледі. Ұйым «Дарын» РҒПО-дан құжаттың (диплом, грамота, сертификат) түпнұсқалығын сұрата алады.

«Дарын» РҒПОның атынан кейбіреулер түрлі жарысқа қатысуға ұсыныс та жасайды екен. Осыған байланысты Орталық ақпаратты тек ресми https://daryn.kz/ сайтынан алуға кеңес береді.

Сондай-ақ, көптеген адамдар "Daryn.сондай-ақ "KazDaryn" ЖШС және "Дарын"республикалық ғылыми-практикалық орталығымен шатыстырады.

«Daryn.online " онлайн оқытуды жүргізетін жеке ұйым болып табылады, ал "KazDaryn" ЖШС Халықаралық онлайн академия атауымен олимпиадаларды жеке тәртіпте өткізеді.

 

Пікірлер