Жиһадшылар Венадағы терактты өз мойнына алды

2450
Adyrna.kz Telegram

Аустрия канцлерінің мәлімдеуінше, шабуылдаушылар жақсы қаруланған және кәсіби дайындалған.

Жиһадшылар Венадағы атысты Аустрияның Ислам мемлекетіне қарсы АҚШ коалициясына қатысқаны үшін жасалған өтем деп атады. Бұл туралы Twitter-де желідегі террористердің қызметін бақылайтын америкалық «SITE Intelligence group» ұйымы хабарлады, деп жазды  Baq.kz  korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

Жиһадшылар Венадағы шабуыл Аустрияның АҚШ басқаратын коалицияға қатысқаны үшін төлемнің бөлігі деп мәлімдеді, - делінген хабарламада.

Вена қаласының мэрі Михаэль Людвиг ел астанасының орталығында болған атыс салдарынан екі адам қаза тауып, 15 адам жарақат алғанын хабарлаған болатын.

Аустрия канцлері Себастьян Курцтың айтуынша, шабуылдаушылар жақсы қаруланған және кәсіби дайындалған.

Аустриялық қауіпсіздік күштері олардың біреуін жойды. Қалада терроризмге қарсы операция жалғасуда.

Пікірлер