Америкалықтар асырап алған қазақ қызы туған анасын іздеуде

5044
Adyrna.kz Telegram

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы Сара туған анасын іздейді, деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы «Almaty TV» арнасына сілтеме жасап.

2003 жылы Әсем Асылбекованы 1 жасында америкалықтар Алматы облысының Есік қаласындағы балалар үйінен алып, асырап алған. Ал, қазіргі ата-анасы АҚШ-қа барған соң, есімін Сара деп өзгерткен.

Бүгінде 18 жастағы қандасымыз Саида Асылбекова есімді анасын іздеп жатыр. Қолында бір ғана құжаты бар ол әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрайды.

Белгілісі, Әсем соңғы рет паналаған Есік қаласындағы балалар үйі бірнеше жыл бұрын жабылып қалған.

Егер Саида Асылбекованы танып, білетіндер болса немесе өзі қызын танып, онымен хабарласамын десе, экранда көрсетілген нөмірге қоңырау шалсаңыздар болады.

8 (727) 266 39 67

Whats app 8 777 046 33 33

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер