СӘУЛЕ ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ: Батыста жағдай қиындап тұр! Көмек керек!

5543
Adyrna.kz Telegram

Әр пікір маңызды. Үндемей қалмаңыздар!!! Ағайын, кешелері осы фейсбуктан Маңғыстауда шөп жоқ, мал қырылып жатыр деген постты көріп- артынан жоғалтып алдым. Сол рас ақпарат екен. Қысқасы Үкімет сөйтсін-бүйтсін демей, осы фейсбуктегі малы бар, фазендасы бар Ұлы жүз, Орта жүздің мен деген жомарт жігіттеріне үндеу жіберсек. Мысалы, биыл Шығыста шөп жақсы болды. Жетісуда да жағдай жаман емес деген ойдамын.

Ендігі, Қазақтың жігіттері жиналып Батысқа қарай "гуманитарлық көмек сықылды" шөп, жоңышқа,жем жіберу деген әңгіме қозғалса адамдар қолдай ма? Қалай ойлайсыз? Ел болып, Алматы — Маңғышылақ, Нұрсұлтан — Маңғышылақ темір жолы арқылы 9-10 мың рулон шөп, 2—3 мың тонна жем жіберілседе қайда жатыр... Қазақ деген мал баққан елміз ғой, малымыз азайса жағдайымыз қиындары анық. Оның үстіне Батыс қымбат жер, еттің бағасы да ушығып кеткен шығар.

Бір Қазақпыз, амандасқанда мал- жан аманба деп сұрасқан жұрттың ұрпағымыз, мал қырылып жатқанда жан тыныштығынан пайда барма? Сондықтан қиын — қыстауда бір бірімізді демегеніміз жөн. Онсызда Батыстың мұнайын ішіп, газын жұтып, балығын жеп жатырмыз . Бізде Жетісудан жоңышқа, Сарыарқадан жусан, Орталықтан жем жіберсек - Маңғыстаудың халқы да, малы да разы болар.

Достығымда Адал, Ауыл партиясының жігіттерінен кімдер бар? Мына мәселені Қазақия бойынша көтеріп, іске асырса — жап жақсы жарнама болады өздеріңе. Бес істеймін деген сөзден бір нақты іс артық емес пе?

 

Пікірлер