Дональд Трамп өз жақтастарының ауқымды митинг өткізетіндігін жариялады

3359
Adyrna.kz Telegram

Сайлаудағы  жеңілісін мойындаудан бас тартқан АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп өзінің жақтастарының кезекті митингісі болатынын жариялады. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы informburo.kz- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауқымды акция Вашингтонда 6 қаңтарда, Конгресстің екі палатасы дауыс беру нәтижелерін ресми түрде мақұлдаған күні өтеді.

"Үлкен наразылық митингі Вашингтонда 6 қаңтарда сағат 11.00 – де өтеді", - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.

Қазіргі Мемлекет басшысының жақтастары қараша мен желтоқсан айларында  ірі демонстрациялар өткізген болатын.

3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Демократиялық кандидат Джо Байденнің жеңісі туралы Америка Құрама Штаттарының жетекші БАҚ – тар-CNN, BBC, NBC, Associated Press, Fox News хабарлаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер