"Тұрарбектің басын кесіп алу керек" деп ашық жазып отыр

4392
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетов мырзаға!
Ашық хат!
Құрметті Ғизат Дәуренбекұлы!

"Адырна" ұлттық порталының инстаграм парақшасындағы 7-ші желтоқсан 2020-жылы жарияланған "Франциялық мұғалімнің басын кескен жігіт құрметпен жерленді"деген мақалаға пікір білдірген 508 желі қолданушының барлығы Франциядағы шешен жігітінің осы террорлық іс-әрекетін толықтай қолдап, аза тұтуы қатты алаңдатып отыр. Сонымен қатар, 28.12.2020 осы жолдардың авторы, тәуелсіз дін сарапшысы, халықаралық журналистер федерациясының мүшесі Тұрарбек Құсайыновтың "Осман халифатын аңсаушы Ердоған қоғамға қауіпті" атты мақаласында да діни-саяси фанатизм мен антисемитизмге негізделген, яғни ұлтаралық өшпенділікті насихаттайтын кертартпа пікірлердің Қазақстан Республикасының зайырлы ұстанымдарына да қарама-қайшы екенін ескерткіміз келеді.

Фейсбуктағы және инстаграмдағы пікірлерде "Тұрарбектің басын кесіп алу керек" деп ашық жазып отырған әлеуметтік желі қолданушылардың діни наным-сенімдері террористік-экстримистік болуы ықтимал. Әлеуметтік желі арқылы осылай ашық қан төгіске шақырып отырған адамдардан сақтануымыз керек.

Сізден 2005 жылғы 18 ақпандағы қабылданған "Экстремизмге қарсы іс-қимыл" туралы заңда көрсетілген баптарға сәйкес, атаулы әлеуметтік желілердегі мақаланың астына пікір ретінде жазылған ұлтаралық және діни араздық пен төзімсіздікті уағыздайтын ойлар мен пікірлерге талдау жасап, тиісті шара қолдануыңызды сұраймыз!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ, 

"Демос" қоғамдық бірлестігің төрағасы 



								



    
    
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер