Апта соңында аяз күшейеді

2479
Adyrna.kz Telegram

12-14 қаңтар аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Кезеңнің басында Атлантикалық циклон елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкеледі: солтүстікте – жаяу бұрқасынмен қар, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде. Содан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон жылжиды. Осыған байланысты, кезеңнің соңына қарай ауа райы ашылып, температура төмендейді деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста – көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер