А.Цой: Наурызда короновирус инфекциясы өршуі мүмкін

3173
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Министрлік күн сайын матрицаға сәйкес эпиджағдайға бағалау жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап орташа тәуекел аймағынан жоғары тәуекел аймағына немесе сарыдан қызыл аймаққа 3 өңір – Қостанай, Павлодар облыстары және Нұр-сұлтан қаласы өтті. Төмен тәуекел аймағынан орташа тәуекел аймағына немесе жасыл аймақтан сары аймаққа 2 өңір: Алматы және Қарағанды облыстары көшті», - деді А.Цой.

Осылайша, 19 қаңтарда қызыл аймақта 6 өңір бар: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-сұлтан қаласы. 3 облыс сары аймақта: Батыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір жасыл аймақта.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы міндетті маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды және күтілетін вакцинацияны қоса алғанда, қолданыстағы шектеу шаралары сақталған жағдайда 2021 жылдың соңына дейін эпиджағдайдың дамуына болжам жасады.

Жағдайлар осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мың орынға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантиндік шараларды енгізу жоспарланып отырған жоқ.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер